ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ХИМИЯДАН 55-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА » «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 178-91-90
Есепші бөлімі:
+7 (777) 178-91-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ХИМИЯДАН 55-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА
21
шілде
2023

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ХИМИЯДАН 55-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА

Швейцарияның Цирюх қаласында химиядан халықаралық олимпиада (IChO-2023) басталды. Интеллектуалды сайыста әлемнің 88 мемлекетінен 350-ден астам оқушысы бақ сынайтын болады. Олардың қатарында Қазақстан құрама командасы да бар. Астана, Ақтау, Павлодар, Өскемен қалаларынан барған 4 оқушы бар республикалық олимпиаданың жеңімпаздары және олимпиадалық резерв мүшелері. Олар химиядан әлемдік білім сайысында Қазақстан намысын қорғайтын болады.
«Бұл олимпиадаға өз елдерінің ұлттық олимпиадаларда жеңімпаз атанған химиктердің ең үздіктері келді. Олимпиада теориялық және эксперименттік турлардан тұрады. Екі тур да 5 сағатқа дейін созылады және бірнеше күн бойы өтеді. Әрбір тур бір-бірінен тәуелсіз бағаланады және емтихан нәтижелерінің қосындысы қатысушының жалпы нәтижесін анықтайды. Әр қатысушы елдің екі жетекшісінен тұратын халықаралық қазылар алқасы тапсырмаларды таңдап, талқылап, дауыс береді», - дейді құрама команданың ғылыми жетекшісі Азим Аманжолов.
Ең жоғары нәтиже көрсеткен жүлдегерлер 24 шілде анықталатын болады. Осымен 55-ші рет өткізіліп отырған халықаралық олимпиада медальдары келесі қағида бойынша беріледі:
Жеңімпаздардың 12%-на алтын,22%-на күміс және 32%-на қола медаль беріледі.Қатысушылардың 10%-ы құрмет грамоталарымен марапатталады. 

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив