Іс-шаралар » «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 178-91-90
Есепші бөлімі:
+7 (777) 178-91-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
09
мамыр
2026
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Осынау мерекелі күнде мектебіміздің ұжымы «Батырлар аллеясында» өткен митинг-реквиемге қатысып, ел үшін жанын қиған батырлар рухына тағзым етіп қайтты. Ерлік ешқашан ұмытылмайды, батырлар есімі мәңгі жүрегімізде сақталады. Бейбіт аспанымыз ашық, еліміз аман болсын! 
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің қамту қызметкерлері мерекемен құттықталды.
06
мамыр
2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің қамту
Мектебіміздің тыныс-тіршілігіне жауапкершілікпен қарап, күнделікті еңбегімен білім ордасының тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлерге алғыс білдірілді. Сіздердің еңбектеріңіз – әрдайым құрметке лайық! Мереке құтты болсын! Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!  
Ұлы Жеңістің 81 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай мектебімізде 5–11 сынып оқушылары арасында саптық әндер байқауы өтті
05
мамыр
2026
Ұлы Жеңістің 81 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай мектебімізде
Шараның алғашқы кезеңі — саппен сәлемдесу. Оқушылар әскери тәртіпке сай сап түзеп, нық қадаммен алға шығып, сәлемдесу рәсімін жоғары деңгейде орындады. Әр сынып ұйымшылдық пен тәртіптілікті, нағыз жауынгерге тән рух пен жауапкершілікті айқын көрсете білді. Бұл байқау жас ұрпақтың патриоттық сезімін арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайта түсті. Еліміздің ертеңі — рухы мықты, жігері биік жастар! 
Даналық мектебі аясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында
05
мамыр
2026
Даналық мектебі аясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында
«Менің әкем – ең жақсы адам» атты тағылымды іс-шара өтті 🇰🇿 Әке – отбасының тірегі, қорғаны, асқар тауы. Осындай мерекелік сәттер арқылы біз өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рух пен ата-анаға деген құрметті сіңіреміз.
Түлектеріміз туған жерге деген сүйіспеншіліктерін іс жүзінде көрсетіп, ағаш отырғызу шарасына белсене қатысты
04
мамыр
2026
Түлектеріміз туған жерге деген сүйіспеншіліктерін іс жүзінде
Бұл — болашаққа қалдырған із, табиғатқа деген қамқорлықтың белгісі. Әр отырғызылған көшет – үміт пен жаңарудың символы 🌿 Жасыл елдің жарқын болашағы – саналы ұрпақ қолында 
Даналық мектебі аясында "Жеңге өнегесі - қыз тәрбиесінің өзегі " атты тағлымды кеш жоғары деңгейде өтті.
17
сәуір
2026
Даналық мектебі аясында "Жеңге өнегесі - қыз тәрбиесінің өзегі " атты
Бұл кештің басты мақсаты - ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қыз бала бойына инабаттылық пен ізеттілікті сіңіру болды.  Кешіміздің құрметті қонақтары - біреуге аяулы жеңге біреуге ибалы келін бола жүріп, қоғамда өз орындарын тапқан білікті мамандар: ВИЗАЖИСТ Тоқтар Алема Нұржанқызы Стилист Мамырбаева Жауқазын Раджанқызы дизайнер-тігінші Мукиканова Жупар Талапкаовна өз тәжірибелерімен бөлісіп, өмірлік маңызды кеңестерін ұсынды  Осындай мәні терең кездесулер жас Ұрпақтың дұры
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай 7 “Б” сынып оқушылары “Жақсылық жасап жарысайық” атты акция ұйымдастырды.
15
сәуір
2026
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай 7
Жақсылық жасау – әр адамның жүрегіндегі мейірім мен ізгіліктің көрінісі. Оқушылар игі іс жасап, бір-біріне қамқорлық пен жылулық сыйлады.
«Жас мамандар апталығының» салтанатты ашылуы өтті.
13
сәуір
2026
«Жас мамандар апталығының» салтанатты ашылуы өтті.
Бүгін мектебімізде жас мамандардың кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған «Жас мамандар апталығының» салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – жас ұстаздарға қолдау көрсету, олардың педагогикалық шеберлігін шыңдау және білім беру үдерісіне жаңа серпін беру. Алдағы күндері түрлі ашық сабақтар, шеберлік сағаттары мен қызықты іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Жас мамандарға сәттілік, шабыт және жарқын жетістіктер тілейміз!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 16 Вперед