ЖЕҢГЕЛЕР МЕКТЕБІ
Бүгін, мектебімізде жеңгелер мектебінің жұмыс барысында: "Қыз қылығымен көркем" тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: жаһандану жағдайында қазақтың дәстүрлі отбасындағы қыз балаға тәрбие берудің ұлттық және заманауи мүмкіндіктерін түсіндіру болатын. Сонымен бірге, қыздар мен жеңгелердің жақындығын арттыру. Іс -шараға 1-11 сынып оқушыларының жеңгелері қатысып, ой бөлісті. Ұлтық нақышта, қайын сіңлілерін өз атымен атамайтын жеңгелер өз ақылдарын, сырларын айтып, жақсы көңіл-күй сыйлады.