«Жас мамандар апталығының» салтанатты ашылуы өтті.
Бүгін мектебімізде жас мамандардың кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған «Жас мамандар апталығының» салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – жас ұстаздарға қолдау көрсету, олардың педагогикалық шеберлігін шыңдау және білім беру үдерісіне жаңа серпін беру. Алдағы күндері түрлі ашық сабақтар, шеберлік сағаттары мен қызықты іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Жас мамандарға сәттілік, шабыт және жарқын жетістіктер тілейміз!