19
сәуір
2024
"Біз біргеміз акциясы" су басқан аймақтарға көмек көрсетілді
Республикалық "Біз біргеміз! " қайырымдылық акциясы аясында ШҚО Ұлан ауданының "Қасым Қайсенов кентінің орта мектебінде " оқушылар мен "Жас ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде оқушылар өздері және аналарының көмегімен дайындаған тағамдар ұсынды. Оқушылар жәрмеңкеден түскен қаражаттарын Қазақстанның су басқан аймақтарындағы оқушыларына тамшыдай болса да көмек болсын деген ниетпен "Біз біргеміз Қазақстан!" қорына аударды. Қорға 100 000 теңге аударылды.Акцияға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларымыздың осындай игі іс атқарып, қол үштарын созып, көмек беруді ұйымдастырылуы мектеп әкімшілігі және ұстаздары, ата-аналар тарапынан қолдау тапты. Бұл іс-шара жалғасын табады.








