13
қыркүйек
2024
Денсаулық күні
Мақсаты — денсаулықты сақтау мен нығайту, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстануға жас ұрпақтың назарын аудару. Мектебіміздің барлық оқушылары және ұстаздары ат салысып белсене қатысты. Жүгіруден және эстафета ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Ұзақ жасаудың құпиясы — қозғалыс. Қимылдаған сайын дене белсенділігі артады, қан айналымы жақсарады. Сондықтан жастар дені сау боламын десе, денешынықтырумен айналысуы керек.








