18
сәуір
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Ардағым - ардагерім " әлеуметтік акциясы аясында.
8 "А" сынып оқушылары тыл ардагерлері Мұқашева Нұрзия апамызды құттықтады. Нұрзия апа 1928 жылы 14 шілдеде Ұлан ауданындағы Молотов колхозы, Скалстое ауылында дүниеге келген. Әкесі - Жұрдыбаев Нұрғазы бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Анасы - Құнапиянова Гүлжамиля, үй шаруасы мен айналысып, үш баланы тәрбиелеп. Нұрзия апа 7 жасында бастауыш мектепке барған, 7 сынып аяқтаған. Соғыс басталған жылы апамызға 10 жас толған еді. Сол кезден бастап ол ересектермен бірге колхоздың егіс алқаптарында жұмыс істеді. 1949 жылы Ұлан ауданының Васильевка ауылына көшіп, әр түрлі жұмыстар атқарды. 1952 жылы Ұлан ауданының Точка ауылына көшіп, тұрмысқа шығып, 7 бала дүниеге әкелді.
"Қазақ Телеком" мекемесінде байланыс бөлімінде жұмыс істеді.


"Қазақ Телеком" мекемесінде байланыс бөлімінде жұмыс істеді.


