08
қараша
2024
Құттықтаймыз!!!!
Мектебіміздің Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Болаева Айнұр Қантайқызы білім саласында жеткен зор жетістіктері үшін "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат ұстаздардың педагогикалық қызметке қосқан өлшеусіз үлесін мойындау және оның еліміздің білім жүйесін дамытуға сіңірген еңбегінің айқын дәлелі болып табылады. "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісі - білім беру саласындағы елеулі еңбегі үшін берілетін ең беделді марапаттардың бірі. Бұл атаулы төс белгі педагогтардың жаңашылдыққа ұмтылысы мен озық тәжірибесін моййындайтын жоғарғы марапаты болып табылады. Айнұр Қантайқызы осындай марапатқа ие болуы оның білім саласындағы қажырлы еңбегінің айқын дәлелі.
Ұстаз жолы - ұлы жол, ал Айнұр Қантайқызы сол жолда жүрген нағыз кәсіби маманынң үлгісі.
Ұстаз жолы - ұлы жол, ал Айнұр Қантайқызы сол жолда жүрген нағыз кәсіби маманынң үлгісі.
