2026 жылғы 19–20 ақпан күндері білім беру мекемелерінің жас басшыларына арналған «Мектептің өсу стратегиясы: идеядан нәтижеге дейін» тақырыбында облыстық форум өткізілді. » «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
«Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (777) 178-91-90
Есепші бөлімі:
+7 (777) 178-91-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2026 жылғы 19–20 ақпан күндері білім беру мекемелерінің жас басшыларына арналған «Мектептің өсу стратегиясы: идеядан нәтижеге дейін» тақырыбында облыстық форум өткізілді.
24
ақпан
2026

2026 жылғы 19–20 ақпан күндері білім беру мекемелерінің жас басшыларына арналған «Мектептің өсу стратегиясы: идеядан нәтижеге дейін» тақырыбында облыстық форум өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы-ның «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 19–20 ақпан күндері білім беру мекемелерінің жас басшыларына арналған «Мектептің өсу стратегиясы: идеядан нәтижеге дейін» тақырыбында облыстық форум өткізілді.
Жас мектеп директорлары арасында ұйымдастырылған «Мектептің өсу стратегиясы: идеядан нәтижеге дейін» атты облыстық хакатонда креативті идея ұсынып, командалық жұмыста жоғары кәсіби шеберлік танытқаны үшін
«Сапа Makers» командасының мүшесі, мектебіміздің директоры Ахметалина Ардак Болатовна ІІІ орын иеленді.
Ардак Болатовнаны осы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жеңіс – кәсіби ізденіс пен жаңашыл көзқарастың, табандылық пен көшбасшылық қасиеттің айқын көрінісі. Алдағы уақытта да тың бастамаларыңыз жүзеге асып, мектебіміздің мерейі үстем бола берсін. Шығармашылық шабыт , толағай табыс пен жаңа белестер тілейміз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив