23
сәуір
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Ардағым - ардагерім " әлеуметтік акциясы аясында.
9"А" сынып оқушылары тыл ардагері Сулейменова Нағима апамызды құттықтап, алғыстарын білдірді. Нағима апа 1935 жылы ауданы Боқай ауылында дүниеге келген. Қазір ол ауыл жоқ, жұрты ғана қалған. Колхоздастыру кезінде, 1939 жылы, барлығын жантас ауылына көшірген. Ата-анасынан ерте айырылған Нағима ерте жастан еңбекке араласып, көп қиыншылық көрді. Аға жеңгесінің қолында тұрып, 16 жасында ұзатылады. Рамазан атадан 30 жасында айырылады. Үлкені онға толмаған, кенжесі жаңа ғана қырқынан шыққан кезі еді. Бес баланы жалғыз өсіріп жеткізеді. Қазіргі таңда Нағима апамызда бес баласынан 12 немере, 18 шөбере бар. 2015 жылы Асубұлақ ауылынан Қасым Қайсенов кентіне қоныс аударады. Нағима апа - тыл ардагері. Ұлы жеңістің 65, 70 және 75 жылдығына арналған медальдармен макрапатталған. Биыл апамыз 90 жасқа толады. Нағима апамызға мықты денсаулық тілейміз.


